Әлеуметтік желі басқа қосымшалар арқылы қосылған лайктар мен пікірлерді өшіреді, деп хабарлайды компанияның ресми сайтына сілтеме жасай отырып РИА Новости.
«Бүгіннен бастап біз танымалдылықты арттыру үшін басқа қосымшаларды пайдаланып қойылған жасанды лайктар, жалған жазылушылар мен пікірлерді аккаунтардан өшіретін боламыз» делінген хабарламада.