Instagram пост астындағы лайк санын жасыра ала ма?

19 сәуір, 16:07

Instagram микроблогы пайдаланушылар тарапынан қалдырылған лайктардың санын жасыра алады. Мұндай мәліметті Джейн Маньчун Вонг Twitter-ге жариялады.

"Біз сіздің фолловерлеріңіз жазған постыңыздың астындағы лайктарға емес, мақаланың тақырыбы мен сапасына назар аударғанын қалаймыз. Микроблог интерфейсіндегі өзгерістер тестіленуден өтіп жатыр. Сондықтан жақында "ұнайды" деген белгілердің санын контент авторы ғана көре алады", - делінген жарияланған скриншотта. Оған 570-тен аса ретвит жасалған. Мыңнан аса адам пікір қалдырып, ақпараттық порталдар мәлімет етіп таратқан.


Instagram баспасөз қызметінің өкілі болса, көрсетілген суретті қазіргі уақытта тестілеу жүргізілмейтін прототип деп атады.

Сарапшылар бұл жаңалық лайктардың аздығы мен танымалдығының төмендігінен қысылатын пайдаланушыларға оң әсер етуі мүмкін еді дейді. Еуропа ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, Instagram әлеуметтік желісі жастардың психикасына зиянды деп танылды.