Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы Оңтүстік Корея еліндегі әріптестермен бірлесе отырып, халықаралық іздеуде жүрген Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-каналы жазды. Ондағы мәліметке сүйенсек, әйелге кәмелет жасына толмаған баланы саудалап, жалған құжат жасады деген айып тағылған.
«Бұған дейін әйел азаматы қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасаған. Биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз әрекетке барған. Осыған байланысты фигурант халықаралық іздеуге жарияланды» делінген мәліметте.