Бүгін Үкімет отырысында балаларға арналған жазғы демалыс мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Elitar.kz
Премьер-министрдің пікірінше, егер Павлодар және Алматы облыстарында осыған қатысты жақсы жұмыс жоспарланған болса, бұл мәселеге тиісті назар аудармаған өңірлер де бар:
"Атырау мен Түркістан облысында бұл жағдайды шұғыл түрде түзету керек. Бұл іс-шараларға әкімдіктер меценаттарды белсенді тарту керек, өңірлерде оң бұған қатысты оң әрекеттер бар. Сонымен қатар, біздің балаларды әдемі табиғатпен, бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыру үшін тақырыптық кездесулер, іс-шаралар, саяхат ұйымдастыру қажет. Білім және ғылым министрлігі оқу-сауықтыру орталықтарының санын арттыру бойынша кешенді ұсыныс дайындады, мен оларды қолдаймын. Санаторийлер, турбазалар мен ұлттық саябақтар жанынан 1000 жаңа жазғы лагерьлер бойынша жұмыс жүргізу қажет. Жұмысы тоқтап тұрған лагерлерге жан бітіру керек", - деді Премьер.