27 наурыз, 18:48
Бүгін, 27 наурызда Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты. Науқас 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам.
Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емханадағы медициналық қызметкерлердің бақылауымен 14 күндік карантинге шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экипажды қоса алғанда бортта болған 12 адам карантинге жатқызылды.
Бақылау талдауы расталғаннан кейін ертең тағы бір пациентті ауруханадан шығару жоспарлануда. Бұл қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жастағы қыз.
Дерек көзі: https://www.coronavirus2020.kz/ru/oficial-noe-soobschenie_a3630210