Шымкенттегі балабақшалардың біріндегі бейнебақылау кадры ата-аналардың ашуын тудырды (видео)

14 қараша, 14:00

​Шымкенттік ата-аналар тұрғындарды қаладағы барлық балабақшаларға орнатылған бейнебақылауды жиі тексеріп тұруға шақырды.

Балаңыздың балабақшаларында орнатылған камераларды қаншалықты жиі тексеріп отырасыз?

Мейлі мемлекеттік не жекеменшік балабақша болсын, баламызды аталған мекемеге берерде олардың күтімі тиісті деңгейде жүргізілетініне сенгіміз келеді. Тек тәрбиешінің «бәрі жақсы» деген сөзне сеніп отыра берген де дұрыс емес. Жуырда шымкенттік ата-аналардың бірі қаладағы балабақшаларда орын алған сұмдық жайттың видеосын желіге жүктеп, көпшіліктің жағасын ұстатты. Онда тәрбиешінің балаларға дөрекілік танытып отырған сәтін көруге болады. Нақтырақ айтқанда, кадрда тәрбиеші балаларды серуенге дайындап жатады. Қыз баланы киіндірмек болған тәрбиеші оны жұлқылай түседі. Келесі бір тәрбиеленушіге жемпірін басына лақтырып жібереді.

Желіде әп-сәтте тарап кеткен видео көптің ашуын тудырды. Ата-аналар Аймауытов көшесі бойында орналасқан «Ақзия» балабақшасының әкімшілігі аталған жайтқа қатысты мәлімет беруін талап етіп отыр. Өз кезегінде біз де бұл жағдайға қатысты қалалық білім басқармасынан түсінік беруін сұрадық. Басқарма басшылығынан ресми жауап күтеміз.


ФОТО: видеодан кадр