Түнгі екі сағатта Әл-Фараби алаңына арнайы санитарлық десант шықты.
Шымкенттегі орталық алаңда өткен жаңа жыл кешін тойлаудан соң шара болған жерді "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС ретке келтірді. Естеріңізге сала кетейік, 31 желтоқсан күні бұл алаңда мерекелік бағдарлама өтті. Ал сағат 00:00-де жаңа 2019 жыл құрметіне орай мерекелік отшашу атылды. Мерекелік бағдарлама би кешімен жалғасты.
Түнгі сағат екілер шамасыда алаңға келген тұрғындар мен қонақтар біртіндеп тарқай бастады. Осы сәтте қала коммуналшылары қызу жұмысқа кірісті.