18 ақпан, 11:15
Жұмыс істейтін әйел жүктілік пен бала босануға қатысты еңбек демалысын рәсімдеген соң МӘСҚ-дан жүктілік пен бала босануға қатысты әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш бере алады. Төлемнің көлемі әйелдің соңғы 12 айда әлеуметтік жарналар төленген орташа айлық кірісінің көлеміне байланысты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай төлемнің орташа мөлшері 391 170 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Сәби босанған ана мынадай төлемдерді тағайындауға өтінім жасай алады:
– Бюджеттен сәби босануға байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы, оның көлемі бірінші, екінші және үшінші балаға - 95 950 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға - 159 075 теңге.
2018 жылы мұндай жәрдемақыны 395 мың адам алған. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының мөлшері 38%-ға өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге 42 млрд теңге қаралған.
– Бала 1 жасқа толғанша МӘСҚ-нан берілетін жәрдемақы, оның мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. 2018 жылы бұл төлемнің орташа мөлшері айына 32 361 теңгені құрады.
2018 жылы жалпы 400 мыңға жуық ата-анаға МӘСҚ-тен сәби босану мен балалар бойынша жалпы көлемі 165 млрд теңге төленген.
Мұнымен қоса жұмыс істейтін әйелдерге мемлекет тарапынан баланың 1 жасқа толғанға дейінгі күтімі барысында міндетті зейнетақы жарнасы субсидияланады. Биыл бұл субсидияға 5,8 млрд теңге бөлінген.
Автор:
Elitar.kz