Шымкентте қандай Арбат пайда болады? (видео)

14 қараша, 08:30

Егер бұрын Шымкентте бірде-бір Арбат болмаса, жақын арада Шымкент "Арбат қала» ретінде таныла түспек. Себебі шаһарда 4 Арбат пайда болады.

Арбатқа жорамал орындықтар орнатылмақ. Әрине, олар біздің болашағымызды болжап бере ала ма, жоқ па уақыттың еншісінде. Су ішіндегі және түрлі жазбалары бар орындықтар, ерекше шамдар. Енді мұның бәрі Шымкенттегі Арбаттан көруге болады. Соңғылары қазірдің өзінде орнатылған. Ал жаяу жүргіншілер аумағын Қазақстанның гранит картасы – атласы көркейте түспек. Енді кез келген тұрғын мен қала қонағы қарапайым ғана қадам жасап, еліміздің кез келген бөлігінен бір-ақ шыға алады.

Айта кетерлігі, Арбат көпфункционалды аймақ атанбақ, енді мұнда селфи-аймақ пайда болады.Сондай-ақ, мұнда өрілген темір аркалар пайда болады. Олар Бейбітшілік даңғылы мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан.

Барлық айтылған жұмыстар іс жүзінде жүзеге асқанын көру үшін ресми ашылуды күту ғана қалды.