28 желтоқсан, 11:00
Әкімшілік сот салық қызметкерлері жақсы кеңес бергені үшін кеңселік құжатының арасына ақша салған екі қарағандылыққа қатысты шара көру үкімін шығарды, деп жазады NUR.KZ.
Екі азамат та ірі көлемдегі айыппұл төлейді. Салықшылар мемлекеттен айлық алып отырған жұмыстары үшін қаржылай сыйлық бермеуді өтінген. Дегенмен, екі азамат ақшаны қоймастан қалдырып, кабинеттен шығып кеткен. Ал ведомство қызметкерлері ақшаны қалтаға баспай, түсінік хатпен бірге басшыларына апарады. Нәтижесінде ақша берген азаматтарға қатысты ӘҚБжК 676-бабымен (жеке тұлғаларға заңсыз материалдық сыйлық беру) материалдар рәсімделді.
"Сот айыпталушыларға 100 АЕК - 240 мың 500 теңге айыппұл төлеу жазасын кесті. Мемлекеттік қызметкерлердің осындай құқық бұзушылықтар туралы өздерінің хабарлауы мемлекеттік қызметкерлердің санасының өзгеруінің мысалы екенін айта кеткім келеді. Бұл фактілер жалпы мемлекеттік аппараттың қоғамды өздерінің қызметтік міндеттерін атқарғандары үшін заңсыз сыйлық бермеуге шақыратынын көрсетеді", - дейді өңірлік мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жетекшісі.
Қазір әкімшілік сотта ақша сыйлауға қатысты тағы бір іс қаралуда.
Автор:
Elitar.kz