Қазақстандықтар енді жеке куәліктерін өзімен бірге алып жүрмесе де болады

06 қараша, 10:18

Құжатты eGov mobile қосымшасында қызмет көрсету арқылы электрондық түрде көрсетуге болады.

Арнайы қосымша функциясын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясының мамандары әзірледі. Ол Android Және iOS-та барлық eGov mobile пайдаланушылары үшін қолжетімді.

"Егер сізде өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болмаса, оны электрондық түрде көрсете аласыз. Енді құжаттарды рәсімдеу кезінде, мысалы, нотариуста өзіңіздің электрондық жеке куәлігіңізді eGov mobile қосымшасы арқылы көрсетуге болады. Онда сізге QR коды арқылы қатынауды ашу функциясы ұсынылады. Осылайша нотариус сіздің құжатыңыздың расымен де өзіңізге тиесілі екеніне көз жеткізе алады", - деп жазды компания өкілдері Facebook парақшасында.