Коронавирус: 1 наурыздан бастап Қазақстаннан Оңтүстік Корея мен Иранға әуе рейстері қысқарады

26 ақпан, 15:21

Қазақстан Үкіметі коронавирустың таралуының алдын алу шараларын қабылдауда, деп хабарлайды Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылдың 1 наурызынан бастап келесі тәртіппен тұрақты рейстердің саны шектеледі:
"Эйр Астана»
– Алматы-Сеул, аптасына 5-тен 1 рейске дейін;
- Нұр-Сұлтан-Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін;
"Asiana Airlines»:
- Алматы-Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін;
"Mahan Air»:
- Алматы-Тегеран, аптасына 1 рейс тоқтатылады.
Жолаушыларға жақын арада Оңтүстік Кореяға сапарлардан қалу, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан Қазақстанға қайтару бойынша қабылданған шараларды ескеру ұсынылады.
Осыған байланысты 2019 жылдың 1 наурызынан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар авиабилеттерді сатып алу орны бойынша қайтаруды ресімдей алады. Авиабилеттер үшін сомаларды қайтару айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде рәсімделеді.