27 желтоқсан, 16:00
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, егер тұтынушы өзінің сим-картасын тіркелмеген ұялы телефонға салса, байланыс болмайды. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, IMEI-кодтарды тіркеу қазақстандықтарды бақылау үшін емес, қорғаныс үшін жүзеге асырылады деп жазады Zakon.kz «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.
Мәліметтерді, оның ішінде ЖСН жинау телефонға және сим-картаға тіркеу үшін қажет. Бұл әдіс ұрлық бола қалғанда гаджетті іздеу үшін қажет. Жаңалық қазақстандықтардың барлық мобильді құрылғыларын заңдастыруға мүмкінлдік береді. ІІМ мәліметінше, биылдың өзінде 38 мың смартфон ұрланған.
«Ұялы телефонды кейде заңсыз әрекеттерге де қолдануға болады. Мысалы, телефон ұрланса, қайда барасыз? Ішкі істер министрлігіне. Содан кейін ІІМ қызметкерлері телефонды іздестіру жұмыстарын бастайды. Ал тіркеу сол телефонды іздеуді жеңілдетеді. Бұған қоса тіркелу мәліметтерін білмейінше ол телефонды қолдану мүмкін емес, яғни, кімге тіркелгенін білмесе, қосылмайды», - дейді ҚР АКМ телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенко.
Қазақстандықтар бірінші қаңтарға дейін ұялы телефон, модем, планшет, «ақылды сағаттар» мен басқа да құрылғыларын тіркеп үлгерулері тиіс. Нақты айтқанда белгілі бір нөмірге қоңырау шалу немесе смс-хабарлама жазу арқылы ұялы байланыс операторларына телефондарының IMEI-кодтарын беруі керек.
Автор:
Elitar.kz