"Қазгидромет" қатты дауыл болатынын ескертеді

26 қараша, 19:00

Қазақстандағы бірқатар өңірлерде қатты дауыл болатыны туралы ескертпені "Қазгидромет" мекемесіндегілер арнайы парақшасында жариялады.

27 қарашаға қараған түнде Түркістан облысының таулы аймағында қатты жауын-шашын болады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Ал Шымкентте 27 қарашада тұман түсіп, оңтүстік-батыстан 15-20 м /с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістанда бұл күні көктайғақ орын алып, түнгі уақыт пен таңертең оңтүстік-батыстан 15-20 м /с жел соғады деп күтілуде.

27 қараша күні Қостанай облысының кей жерлерінде боран, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

90-95% ықтималдығы бар дауыл Қызылорда облысында орын алады деп болжам жасалынуда. 27 қарашада кей жерлерде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтауда 27 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

ФОТО: 24.kz