"Казгидромет" РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалы өңір мен Шымкент қаласының аумағында жауын-шашын жауып, температураның төмендеуі мен екпінді жел соғады деп болжауда.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 13 қарашада Түркістан облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман болуы ықтимал.
13-14 қарашада жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Бұл күндері жел 8-13 м/с дейін, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Күндізгі ауа температурасы орта есеппен 4-тен 14 градусқа дейін болады. Түнде ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендейді.
13 қарашада синоптиктердің болжамы бойынша Шымкентте жауын-шашын, температураның төмендеуі мен жел күшейеді. Синоптиктер көктайғақ болмайды деп болжап отыр. Желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ал ауа температурасы 0-2 градус жылулықтан басталып 6-8 градусқа дейін төмендейді. Күндізгі ауа райы 11-13 градус жылылықты көрсетеді.
Ауа райының өзгеруіне байланысты Шымкент қаласының коммуналды қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Шымкентте қар жауа бастаған сәттен арнайы техника қала көшелерін тазартуға кірісті. Арайы техникалар көлік жолдарын қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін жолға құм себуді жалғастыруда.