Кентаулық зауыт тәуелсіздік мерекесіне орай "Жомарт жүрек" қайырымдылық шарасын өткізуде, деп хабарлайды Elitar тілшісі.
"Кентау трансформатор зауыты" АҚ кентаулық 500 тұрғынға қайырымдылық жасауды мақсат тұтқан. Оның 250-і балалар үйінің тәрбиеленушілері болса, қалғаны көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелері. Игі істі жасаушылар әрбір тұрғынға азық-түлік тізімі жазылған сертификаттарды таратып, мейрамханада үлкен ас берді. Кейінірек тұрғындарға сол сертификат арқылы азық-түлік үлестіріліп берілді. Айтпақшы, азық-түлік тарату шарасы алдағы жексенбіге дейін жалғасады.