Бүгін ерекше жандар үшін ерекше фестиваль ұйымдастырылды. Көрме орталығында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Кездесуге қадам» күзгі шығармашылық фестиваліне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
— Ерекше жандардың қолынан шыққан туындыларды көріп, ерекше әсер алдым.«Балалар жылында» айтулы шығармашылық фестиваль ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Шығармашылық пен ізденіс балалардың дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарады.«Кездесуге қадам» жасап, ұйымдастырып отырған қоғамдық ұйымдарға, атсалысқан білім ұйымдарына, ата-аналарға алғыс білдіремін. Шымкент қаласының әкімдігі әрдайым Сіздердің бастамаларыңызды қолдайды, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
— Фестиваль Шымкент қаласы әкімдігінің, Азаматтық Альянс, Шымкент қалалық іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды. «АРДА», «JanBota», «Рахмет саған, Анашым», « I am Bala», «Bambini» оңалту орталықтарынан 150-ден астам бала келді. Алдағы уақытта бұл фестивальді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін боламыз. Қолөнер шеберлері мен колледж студенттері өз бұйымдарын қайырымдылық мақсатында сатылымға шығарды.Одан түскен қаржы ерекше балалардың қажеттілігіне, еміне жұмсалмақ,- деді А.Қарабеков атындағы оңалту орталығының директоры Ф.Бакибаева.
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ.