Жарылыс салдарынан үй бикесі көз жұмды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Төтенше жағдай Сарыағаш қаласында орын алды. Шақыру орнына келіп жеткен авариялық бригада газ аспаптарын монтаждаудың техникалық шарттары (ТШ) бұзылғанын анықтады: үйде газ баллонына қосылған 3 конфорлы газ плитасы орнатылған. Газ аспаптары алдындағы кран ашық күйде қалған.