15 наурыз: Коронавирус хроникасы. Қазақстан

15 наурыз, 14:32

15 наурызда Қазақстанда:

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 жағдай: Алматы қаласында - 4, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам тіркелді. Стационарлық карантинде 1 мың 425 адам, кай карантинінде 496 адам жатыр.

Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Барлық санаттар бойныша мониторингке 2 мың 507 адам алынды, оны ішінде 1 "а" санаты бойынша - 1 мың 619, 1 "б" санаты бойынша - 520, 2 санаты бойынша - 368 адам. Мониторингке алынған 2 мың 507 адамның 424-іне бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 083 адамға мониторинг жүргізілуде.

Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 122 адам ауруханаға жатқызылды, оны ішінде 1 "б" санаты бойынша - 35 адам; 2 санат бойынша - 42 адам; 3 санат бойынша - 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 азамат шығарылды. 60 адам стационарлық ем қабылдауда.