Есірткі контрабандасымен айыпталған Қазақстан азаматшасы өмір бойы қытай түрмесінде жазасын өтейтін болады, деп хабарлайды СІМ-ге сілтеме жасап Elitar.kz.
2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған Қазақстан тұрғыны Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі жарияланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот отырысына адвокаттар мен Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің консулы қатысты.
Сот үкімі 10 күннен соң заңды күшіне енеді.