Азық-түлік дүкенінің иесі тұрғындарға берген қарызын қайтара алмағандықтан олардың есімдерін қағазға жазып, дүкен сыртына іліп қойды. Хабарландыруды сауда орнына жақын маңда тұратын тұрғын видеоға түсіріп алған.
«Үй жақтағы дүкенге келсем, мынандай қызық тауып алдым. «Қарызды қайтаруларыңызды сұраймыз» депті. Қарызы барлар мұнда кірмейтін шығар деймін. Жалпы сомасы 1 млн 670 мың 30 теңге»,-дейді ол.
«Әділет» деген дүкенге қарызы барлар саны - 80 адам. Тізім ішінен ең көп берешек «Ксюша» есімді әйелге тиесілі екенін көруге болады. Ол дүкенге 102 мың теңгеден астам қарыз екен.