Күллі елді жылатқан мүгедек қыздың кітабы жарыққа шықты

15 мамыр, 12:55

​Күллі елді жылатқан мүгедек қыз Тұрсынай Қайратқызының Отырар ауданында «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен «Мен бақытты екенмін» атты шығармашылық кеші өтті.

«Сағыныш пен мұңнан, тазалық пен сұлулықтан тұратын Тұрсынайдың өлеңдері көңіл толқынын тербеп, адам баласының жандүниесін бірде мұңға, бірде шыңға сүйреп беймаза күйге бөлейтіні шындық. Өзі жастайынан арбаға таңылса да ақын қыздың пайым-парасаты жоғары, талғамы биік, арман-мақсаты шексіз. Ең бастысы - өмірге құштар жан», - делінген аудан әкімдігінің баспасөз релизінде.


Кеш шымылдығы да автордың «Мен бақытты екенмін» өлеңімен ашылды.

Жыр сүйер көпшілікті лирикалық өлеңдерімен сусындатқан кеште аудан әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы жас та болса терең ой қозғай білген құнды да жаңа кітапқа құтты болсын айтып, жаңалыққа, жасампаздыққа құштар Тұрсынайдың шығармашылығына толағай табыс тілеп, ақын қызға арнайы сый-сияпат табыстады.