ҰҚК Қазақстанға қару-жарақ келіп түскен ірі арнаның көзін жойды

25 шілде, 12:06

​​​Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 8 "Калашников" автоматын және 2 тапаншаны сату фактілері құжаттандырылды. Аталған қару заңда белгіленген тәртіппен алынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағына қарудың кезекті ірі арнасы жойылды. Бұрын ұсталған адамдар сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.