Омбыдағы ҚР консулы: Ресейде өз мәселелеріңіз жоқ па? Басқа мемлекет ісіне неге араласасыз?

10 шілде, 17:38

Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулы Қаныбек Жүсіпбеков Ресей тілшілеріне көрші мемлекеттің азаматтары үшін консулдықтағы тәулік бойы орын алған кезекке қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Республиканың кейбір азаматтарына бірнеше тәулік құжат алу үшін кезекте тұруға тура келді, деп хабарлайды "Город 55".

Бұған дейін портал Қазақстанның азаматтығы бар ресейліктер, Алтай, Кемерово, Челябі, Түмен және Қорған облыстарының тұрғындары бірнеше тәулік бойы консулдық ғимаратының жанында кезекшілік етуге мәжбүр екенін жазған.

Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулы Қонысбек Жүсіпбеков жағдайға түсініктеме беруден бас тартты. Тілшіге ол Ресейдегі "проблемаларды" бақылап отыруды ұсынды.
"Сіз не қалайсыз, мен түсінбедім? Ресейде өз мәселелеріңіз жоқ па? Басқа мемлекетке неге араласасыз? Мен Ресей емес, Қазақстан консулдығынанмын", — деп тұтқаны тастай салды Жүсіпбеков
Редакция дүйсенбі, 8 шілде күні консулмен байланысуға тырысты. Қонысбек Жүсіпбеков бастапқыда тілшінің қоңырауына оң жауап берді, алайда, әңгіме консулдықтағы кезектер туралы екенін естігенде, Нұр-Сұлтан күні мерекесін сылтау етіп, тұтқаны қоя салған.

Басылымның журналистері Қазақстан Республикасы консулдығының түсініктемесін алуға тырысып мекеме қызметкерлеріне қоңырау шалғанымен ешкім жауап бермеген.