Салықтар бойынша кеңесті енді WhatsApp арқылы алуға болады

20 қараша, 15:00

Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер мүлік, жер немесе жеке көлік салығы мәселелері бойынша мессенджер арқылы кеңес беретінін мәлімдейді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

19 қарашадан бастап жеке тұлғалар WhatsApp мессенджері арқылы мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өзекті сұрақтарға жауап ала алады. Сұрақтарды жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін +7 776 136 41 32 нөміріне жіберуге болады.

Виртуалды қарым-қатынасты қалайтындар үшін call-орталық бар.
"Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ аса өзекті салық және кеден мәселелері бойынша — 1414; кедендік заңнама мәселелері бойынша, экономикалық салада қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасауға немесе жасауға әрекет етуге, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық және басқа да заңсыз іс-әрекеттер жасауға шағымдармен қалалық телефоннан 1412, ұялы телефоннан 8 800 080 64 52 нөміріне хабарласуға болады", - деп еске салады МКК.
Аумақтық бөлімшелердегі салық және кеден заңнамасына қатысты басқа да мәселелерді шешу үшін комитеттің kgd.gov.kz сайтындағы "байланыстар" бөліміндегі қажетті қызметтің телефонын таңдаңыз.