Қостанайлық бала Бала құқықтары туралы конвенцияның арқасында Қазақстан азаматтығына ие болды

13 маусым, 14:35

Президенттің Жарлығымен Әзірбайжан азаматы, бес жасар Хусеин Алекперов көптен күткен Қазақстан азаматтығын алды! Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл мүмкін емес. Бірақ Қостанай облысы ІІД көші — қон полициясы басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев Халықаралық заңнамаға сүйеніп, тығырықтан шықты, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Бұл жағдай туралы алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында жаздық. Хусеиннің анасы Ляман Алекперова БАҚ-тан көмек сұрады. Оның кіші ұлы Әзірбайжан азаматы болатын. Сол елде туылған. Кейін отбасы Қазақстанға көшіп келген. Хусеиннің азаматтығына қатысты мәселелер 3 жыл бұрын ауырып жатқанда басталды.

Ювенильді идиопатиялық артрит, жоғары дәрежелі полиартикулярлы нұсқа. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында балаға осындай диагноз қойылған. Бала кез-келген емді тек ақылы түрде ала алатын, себебі Қазақстанның азаматы емес, тек шұғыл көмекке құқығы бар. Әйел қиын жағдайға тап болды.

Ең маңыздысы көші-қон полициясы басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев анаға көмек беруге ұмтылды. Заңға сәйкес 16 жасқа дейінгі бала егер оның мәртебесі анықталмаған болса, егер ол басқа мемлекеттің азаматы болып табылса, оған жеке куәлік алған сәтті күту керек. Қайрат Дүтбаев мәселенің шығу жолын тапты: Бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияға жүгінді, оның негізінде өтініш жасап, Президентке жіберді. Баланың мәселесімен Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов та айналысты. Жақында істің оң шешілгені белгілі болды!

Ляман Алекперова ұлының тағдырына қатысқан барлық адамдарға ризамын деді. Және Хусейнді тексеру мен емдеу үшін жиналған ақша дәл осы мақсат үшін пайдаланылатын болады. Қазір анасы баланы Әзірбайжанға тексеруге жібермекші, ол осы саладағы маман дәрігер-ревматолог Али Ализадемен хат алмасты. Енді оның ұсынымдарын ескере отырып, ұлын әрі қарай Казастанда тегін емдейтін болады.

Ляман "Бірлік" әзірбайжан қоғамының басшысы Видади Юсубовқа ерекше алғыс айтады. Ол Бакуге бару, емдеу үшін қажетті соманы жинап берді.Сонымен қатар, Видади Магомедович Әзербайжан елшілігіндегі Хусеин құжаттарына қатысты мәселені шешуге көмектесті.