Қостанай соты Нұрлан Арестановқа әпкесінің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді

20 желтоқсан, 15:00

​Айыпталушы азаматтың анасы Раиса Арестанованың ұлының сот процесін тоқтата тұрып, Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығына аудару туралы өтініші сотта қаралды. Әпкесі Жұлдыз Арестанова сонда жатыр. Қарабалық ауылында тұратын келіншекке миелобласты лейкоз диагнозы қойылған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Жұлдыз республикалық Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығында химия терапиясынан алты рет өтті. Дегенмен, ем нәтиже берген жоқ. Соңғы мүмкіндік – сүйектің жілік майын ота арқылы салу. Жұлдызға оның туған бауыры Нұрлан Арестанов донор бола алады. Ол толық тексеруден өтіп, барлық анализ оң нәтиже берген. Бірақ, 8 қыркүйек күні Нұрлан Арестановты полицейлер есірткі таратқан деген айыппен тұтқындады.

Нұрланның анасы Раиса Арестанова ұлы әпкесіне донор болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Ол күзде ішкі істер департаментіне де, прокуратура мен сотқа да барды. Ұлын Астанаға жеткізуге өтініш жасады. БАҚ өкілдерінің назарын аударып, оқиға қоғамдық талқыға түсті. Соның нәтижесінде Нұрлан Арестанов Астанаға жер аударылды. Дегенмен, трансплантация отасын кейінге қалдыруға тура келді: жас жігіттен белсенді С гепатиті табылыпты. Мұндай сәтте ота жасауға болмайды, донордың инфекциясы бар материалы дерттен әлсіреген әйелге қатерлі болуы әбден мүмкін. Дәрігерлер Нұрланға әсері мықты дәрігерлер жазып беріп, оны сатып алуға көпшіліктен қаржы жиналды. Екі ай бойы ол уақытша тергеу абақтысында отырып, емдеу курсынан өтті. Анализдер тапсырды.
Раиса Арестанованың айтуынша, алғашы анализдің нәтижесі жаман емес, одан кейінгілері тіпті жақсы. Таяуда республикалық ұлттық ғылыми қатерлі ісік және трансплантология орталығынан ресми медициналық қорытынды келді. Ондағы мамандар 19 желтоқсан күні Нұрлан Арестановты донор ретінде күтіп отыр.