17 шілдеге қараған түні ай тұтылады

16 шілде, 14:40

2019 жылдың ай тұтылуы "қанды ай" деп аталып, ол 5 сағаттан астам уақытқа созылады.

"17 шілдеде күні ай тұтылады. Айдың тұтылуы 16 шілдеден 17-сіне қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 02.00 сағатта басталады. Ғалымдардың айтуынша, айдың 66%-ы, яғни үштен екі бөлігі көлеңкеге кіреді. Табиғаттың ғажайып құбылысы кезінде қазақстандықтар Сатурн мен Юпитерді көре алады. Мамандар 15 минут ішінде адамдар тұтылудың құдды кесте бойынша жүріп жатқанын байқай алады деп отыр. Жердің көлеңкесінің диаметрі 363 мың шақырымда Айдың 2,6 диаметрін құрайды. Сондықтан Ай беті толық жабылуы мүмкін.

Ай Жердің көлеңкесіне толық кіргенде толық тұтылған деп саналады. Егер жартылай кірсе, жартылай тұтылды деп есептеледі. Ай ең жоғарғы фазаға (0.66) сағат 3:30 кезінде жетеді. Дәл осы сәтте тіптен ғажайып көріністі тамашалауға мүмкіндік туады. Өйткені ай оңтүстік-батысқа қарай көкжиекке тақап келеді. Содан кейін ғана ай көлеңкеден баяу шыға бастайды. Бұл кезде Ай горизонтқа кіріп, шығыста 5 сағат 8 минутта көтеріледі",-деп жазды КТК.