04 желтоқсан, 15:56
Оның үйіндегі есірткіні табуға қызметтік ит көмектесті, деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап Elitar.kz.
М. есімді азаматтың үйінен жарты келіге жуық есірткі заты табылды.
"1980 жылғы күдікті әкесімен тұратын үйін героин сататын нүктеге айналдырған. Ал есірткі жасырылған құпия орынды қызметтік ит тауып берді. Үйден сұр түсті ұнтақ түріндегі 300 грамм затпен қоса 200 грамм өсімдік тектес зат та табылды. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде есірткі сатушының үйінен табылған заттардың героин мен көкнәр екені анықталды", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің есірткі қылмысымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағанбетов.
Полицейлердің мәліметінше, күдіктіден тәркіленген героинның көлемі 1395 дозаға жетеді.
"38 жастағы азамат бұған дейін аса ірі көлемдегі есірткі затын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Есірткіге тәуелді ретінде арнайы есепте тұрады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті қамауға алынған", - деді Әлмағанбетов.
Автор:
Динара Бекболаева, Шымкент