1 қаңтардан бастап табыс салығынан кімдер босатылады?

27 қараша, 20:00

Егер қызметкердің табысы 25 АЕК-тен аспаса, онда салық салынатын табыс сомасынан 90% табыс салығын төлеуден босатылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.​

Бұл норма Салық кодексіндегі түзетулерде қарастырылады. Ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек.

Комитеттегілердің айтуынша, егер қызметкердің табысы 25 АЕК-тен (63 125 теңге) аспаса, түзетуге норматив енеді. Егер есептелген табыс 25 АЕК-тен асып кетсе, 90% мөлшеріндегі салық салынатын табыс сомасының түзетуі қолдануға келмейді.
Жеке тұлға бірнеше жұмыс берушіде еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда және әрбір жағдайда қызметкердің есептелген табысы 25 АЕК-тен аспайтын болса, онда қызметкердің салық салынатын табысы сомасының 90% - ы мөлшерінде түзетуді әрбір жұмыс беруші қолданатын болады.
Айта кетерлігі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1АЕК - 2525 теңгеге тең.
ФОТО: top-news.kz