Шымкентте науқастардарды қолдау қызметі іске қосылды

28 қараша, 20:25

Шымкентте медициналық мекемелердің пациенттерін қолдау қызметі жұмысын бастады, деп хабарлайды, Elitar.kz тілшісі.

МНауқастарды қолдау қызметін медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмаған немесе медициналық персонал тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болған науқастар мен олардың туыстары, сондай-ақ,медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелері бар тұрғындар пайдалана алады. Енді осы мәселелерді шешу үшін қалалық диагностикалық орталық базасындағы 39-33-47 телефоны бойынша аймақтық Call-орталығына хабарласуға болады.