Оқиға елордада Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан ойынханада болған. Келіншектің ұрлық жасау операциясы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері әйелді анықтап, тұрғылықты жері бойынша жалдамалы пәтерде ұстады. Аумақтық полиция басқармасына жеткізілген 32 жастағы күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда»,-делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.