13 қараша, 18:22
Қымбат көлік мінген жүргізушілерді полицейлер әп-сәтте тауып алды
Әлеуметтік желіде жол тәртібін бұзған көлік жүргізушілердің видеосы тараған болатын. Онда қымбат тұлпар тізгіндегендердің Шымкенттің орталық көшелерінің бірі Қонаев даңғылы бойында жүріп бара жатқанын байқауға болады. Көп уақыт өтпей Шымкенттің тәртіп сақшылары жол тәртібін бұзғандарды ұстады.
«Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оларды ұстау үшін жедел шаралар қабылдап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, оларға Қазақстан Республикасының жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді» делінген Шымкент қалалық Полиция департаменінің баспасөз қызметі берген мәліметте.
Белгілі болғандай, , "Лексус 570" және "Крайслер" көліктерін тізгіндегендер «Әкімшілік құқықбұзушылық» кодексінің төрт бабы бойынша тәртіп бұзған. Оларға қандай жаза тағайындалатынын сот шешетін болады.