Маңғыстауда 13 жастағы қызды зорлап кетті

29 қаңтар, 17:30

Полицияға жасөспірімнің анасы шағым түсірген, деп хабарлайды Elitar.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құзырлы органға жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Онда әйел азаматы 2005 жылы дүниеге келген қызын әлдекімнің зорлағанын көрсеткен. Бұл жайтқа қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалған. Басқа ақпарат жасөспірімнің кәмелет жасқа толмауына байланысты құпияда сақталады. Айта кетерлігі, бұл оқиғаны облыс прокуроры мен полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауға алды.