Өткен демалыс күндері мексикалық әлеуметтік желілерде 10 жасар шамасындағы балаға тұрмысқа шыққан ересек әйелдің фотосуреттері пайда болды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Анықталғандай, 4 мамыр күні Герреро штаты Хальтьянгис қаласында ерекше үйлену тойы өтті. Ал фотосуреттегі балақай шын мәнінде Джонотан есімді 20 жасар жігіт.
Себебі Джонотандағы
дамудың сирек аномалиясы
оны өз жасындағылардан
әлдеқайда кіші етіп
көрсетеді және ол өсуде
қатты артта қалған.
Алайда,
оның мәңгілік бала бейнесі
өз махаббатына қосылуына
кедергі келтірмеді.
Олардың
үйлену тойы көңілді өтті,
той екі күнге созылды, ал
қонақтар арасында олар тұратын ауылдың
барлық тұрғындары болды. Үйлену тойындағы
фото бастапқыда әлеуметтік
желіге жас жұбайлардың жасы туралы
егжей-тегжейлі түсініктемесімен
бірге салынған.
Алайда
бірнеше репост арқылы түсініктеме
жоғалып кеткен.