Білім ұяларындағы ұстаздардың өздері білім беріп отырған оқушылардың отбасыларынан табысы мен несиелері туралы ақпарат сұрауға құқығы жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматы халқымен кездесу кезінде айтты.
«Қазір мектептерде ата-аналарға көптеген сауалнамалар толтыртып жатыр. Мәселен, жұмыс орны, табысы, несиесі, үйі бар ма? Осындай қисынсыз сұрақтарға жауап беруіміз қаншалықты заңды»,- деді тұрғын.
«Білім мекемелерінің ондай сауал жолдауына құқығы жоқ. Ата-ананың табысы мен несиесі туралы ақпарат сұратылмайды. Нақты қай мектеп екенін айтыңызшы. Біз міндетті түрде шара қолданамыз»,- деді министр.