Өзбекстанға қазақстандық инсулин заңсыз өткізілген

02 сәуір, 16:30

Қазақстандық инсулинді Өзбекстан дәріханаларына заңсыз жеткізгендердің көзі табылды, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасаған Tengrinews.kz

Біртановтың айтуынша, қазақстандық дәріханаларда тегін таратуға арналған инсулинді заңсыз шегара асыру бойынша тергеу өткен жылдан бері жүргізілуде.

"Бір жыл бұрын біз бүкіл ел бойынша осы тегін дәрілердің есебін тексеріп, жаппай талдау жүргіздік. Мәселелер анықталып, өткен жылдың көктемінде құқық қорғау органдарына тапсырылды. Соңғы уақытқа дейін біз құқық қорғау органдарымен және Бас прокуратурамен бірлесіп осы фактілерді жаппай тексердік. 28 қылмыстық іс қозғалды", - деді министр.

Ол сондай-ақ мамандандырылған диспансерлерде, психиатриялық және туберкулездік диспансерлерде, АИТВ орталықтарында тексерулердің екінші циклы жүргізіп жатқандығын айтты. Тиімсіз жоспарлау фактілері де анықталуда.

Жылдың басында Ташкенттің журналистері бөлшек сауда дәріханаларынан қазақ тілінде таңбаланған инсулиндік шприц-тұтқаларды тапқан болатын. Денсаулық сақтау министрлігі олардың Өзбекстанға заңды түрде жеткізілмегенін хабарлады.