Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға SMS арқылы ескерту жасады

14 наурыз, 18:29

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарына SMS арқылы ескерту жасап жатыр. Хабарламада коронавирустың алдын алу шаралары туралы жазылған:

"Коронавирус профилактикасы:

- қолды жиі жуу;

- қоғамдық орындарға бармау;

- науқас адамдармен (ЖРВИ) қарым-қатынастан аулақ болу;

- ЖРВИ белгілері болған кезде 103-ке, ал аталған дерт бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, 1406 нөміріне хабарласу."