Қазақстанның көпбалалы аналары министрдің отставкаға кетуін талап етіп отыр

24 қаңтар, 15:30

Олар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа интернет арқылы хат жазып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованы жұмыстан шығаруды талап етуде, деп жазады Настоящее время. Таяуда шенеунік 4 балалы отбасы үшін 30 доллар жәрдемақы едәуір көмек, деп мәлімдеген болатын.

«Биыл инфляцияның орташа дәлізі 5%-ды құрап, жәрдемақы көтерілді. Жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» сияқты мемлекеттік марапаттары бар көп балалы аналарға өмір бойы, ай сайын беріледі. Басқа мемлекеттерде ондай жоқ. Ресейде ана капиталы бар. Ал бізде, барлық жылды есептесек, бірнеше миллион теңге шығады», - деген еді шенеунік.

Көп балалы ана Ирина Исабекова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әбілқасымованың кезекті сұхбатынан соң Президент Назарбаевқа өтініш жасады. Айтуынша, шенеуніктің сөзінен кейін шыдамы таусылған.

«Егер бірінші сұхбатына байланысты өзі аздап қателесті, біз оны дұрыс түсінбедік деп ойласақ та екінші сұхбатынан министрдің пікірі анық болды. Ол біздің проблемамызды түсінбейді. Жәрдемақылар мен төменгі күнкөріс шегін кім есептейтінін білмеймін. Олар [сол қаржыға] өздері өмір сүріп көрді ма?», - дейді көп балалы ана Исабекова.
Иринаны Қазақстанның көптеген көп балалы аналары қолдады. Олар, тіпті, әлеуметтік желіде флешмоб ұйымдастырды. Біреулері бірнеше видео жазамыз десе, енді бірі өз балаларына берілетін жәрдемақы көлемін көпшіліктің алдында санап бермек.
Қазақстанда 4 және одан көп балалы аналар көп балалы ана саналады. Алты және одан көп сәбиді дүниеге әкелген аналар төсбелгілермен марапатталады. Сол үшін негізгі жәрдемақыға аздаған үстеме қосылады.
Ирина Исабекова қажет құжаттарды жинамағандықтан, бірде-бір жәрдемақы алмаған. Аналар сол құжаттарды жинауға жәрдемақыдан көп ақша кетеді дейді. Бұған қоса 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және 5 балалы отбасылар егер жан басына табысы төменгі күнкөріс шегінің жартысынан – 14 142 теңгеден немесе 37 доллардан асса, жәрдемақы ала алмайды. Ал шенеуніктер әкөп балалы аналардың шағымына әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.