Моңғолия коронавирусқа байланысты Қазақстанға қатынайтын әуе рейстерін тоқтатты

11 наурыз, 09:22

Қазақстанда коронавирус жағдайы тіркелмеген.

Дегенмен Моңғолия 11-28 наурыз аралығында коронавирустың таралуына байланысты Ресей, Түркия және Қазақстан әуежайларына барлық жолаушылар рейстерін тоқтата тұру туралы хабарлағаны белгілі болды.

MIAT әуе компаниясы ұшуды тоқтату кезеңінде жоғарыда аталған елдердегі Моңғолия азаматтарын эвакуациялау жөніндегі міндеттерді орындайтын болады.