Мәсімов әкесіне арнап кітап жазды

19 мамыр, 00:05

Кәрім Мәсімов әкесінің рухына арнап кітап жазды. Бұл туралы Мәсімовтың инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Таяуда әкеме арнап кітап жаздым. Кітапта біздің әулетіміздің тарихы, өмірі баяндалады. Сондықтан оны әулеттің тарихы деуге болады. Өзіңіз білесіз, қазақ халқы шежіреге көп мән береді. Ата-бабаң, әке-шешең қандай болған, бұл балаларға аманат болып қалады. Соның ішінде әкеге сағыныш бар. Сондықтан әулеттің терең тамырымен жалғайтын кітап – «Тамыр» деп аталады. Кезінде әкемнің айтқандарына көп мән бермедім. Қазір әкемнен айрылғаннан кейін бәрін ой елегінен өткіздім. Бұл кітап солай дүниеге келді» деп сыр шертеді Кәрім Мәсімов желіге жүктелген видеода.

Аталмыш жазба Кәрім Қажымқанұлының оқырмандарын бей-жай қалдырмаса керек, олар жылы пікірлер білдіріп, Мәсімовке көңіл айтты.

«Ассаламағалейкум Кәрім аға, оте дұрыс болды ! Қажымұқан ата мықты батыр адам болған еді. Талай адамдарға көмектесіп, қол ұшын берген !!! Ондай адамдар өмірге енді келмейді ғой !!! Жатқан жері жайлы, жаны жәнатта болсын !!!»

«Əкеңіз өте керемет кісі еді... Мен ол кісімен жетімдер үйінде танысқан едім.... Сол кезде мейірімді кісі екенін, қарапайым кісі екенін көріп таң калған едім....» деп жазды желі қалданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі сәуір айының басында өмірден өтті. Қажымқан Мәсімов қоғам қайраткері, Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіптік палатасының басшысы болған.

https://www.instagram.com/p/Bxl2CnqBaYL/?utm_source=ig_web_copy_link