Сот Мұхтар Жәкішевтің өтінішін қанағаттандырды.
Бұл сотталушының сотқа түсірген үшінші өтініші. Бұған дейін оның өтінішін сот қанағаттандырусыз қалдырды. Бүгін судья 11 жылын абақтыда өткізген сотталушының өтінішін қанағаттандырып, оны шартты жазамен бостандыққа жіберуге шешім шығарды.
Еске салсақ, 2010 жылдың 12 наурызында Жәкішев 14 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 176 "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және жарату" және 311 "Пара алу" баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Ол Шығыс Қазақстан облысындағы колонияға тоғытылды. Денсаулығына байланысты бірнеше рет жазасының қалған уақытын шартты түрде өтеуге өтініш түсірген. Жәкішев бірнеше жылдан бері колонияның медициналық бөлімінде жатуға мәжбүр болды.
"Қазатомпромның" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке үш жылдан астам уақыт аралығында жазасын өтеу мерзімі қалған болатын.