​Ішкі істер министрлігі полицейлердің жаңа формасын талқылауға шақырады

19 желтоқсан, 16:33

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі Instagram желісіндегі mvd.kaz аккаунтында хабарлады, деп жазады Elitar.kz

«Сіздердің назарларыңызға қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жұмыс жобасын ұсынып отырмыз. Тәртіп сақшыларының киімі соңғы рет 2005 жылы өзгерді. Қазіргі таңда ол үлгі заманауи талаптарға сай келмейді.


Полицейлердің киіміне қойылатын негізгі талап – оның қолайлы, тартымды болуы және артық элементтердің болмауы.

Дизайнға да, киім тігуге де қосымша қаржы қажет емес. Полиция қызметкерлеріне жаңа форма ескі үлгідегі киім тозған соң біртіндеп, жыл сайын бөлінетін қаржыға сай беріледі.

Сіздерді қазақстандық полицейлердің жаңа формасын талқылауға қатысып, біздің аккаунта белсенді пікір білдіруге шақырамыз», делінген хабарламада.

Ал сіз жаңа киім үлгісі туралы не ойлайсыз?

Галерея

241
242
243
244
245
246
247
248
249
250