Мектеп дәретханасындағы оқушылар төбелесіне қатысты жаңа дерек шықты

25 қаңтар, 12:45

ҚР ІІМ мәліметінше, мектеп дәретханасында құрдастарын ұрып, оны видеоға түсірген жасөспірімдер анықталды.

"Оқиға былтыр 10 қаңтарда Қызылордада орын алған. Ата-аналар тарапынан бұл жағдайға қатысты құзырлы органдарға ешқандай шағым түспеген. Ал қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-баптың 2-бөлімі бойынша іс қозғалды",-деді ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің басшысы Алмас Садубаев.