01 сәуір, 10:33
Әлеуметтік желілерде Афанасьева деген фамилияның жанында «Нур» деген сөз қосымша тіркелген жеке куәліктің суреті тарап кетті.
Қосымша мәтінде «1-сәуірден бастап қазақстандықтардың фамилиясында осындай тіркес қосып жазу міндеттеледі» деп жазылған.
- Мессенджерлердегі жеке куәлік суретінің жаппай тарауына байланысты мұндай жеке куәлік құжаты ішкі істер органдары тарапынан берілмегенін хабарлаймыз. Бұл жалған ақпарат,- деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Естеріңізге салайық, 28-сәуір күні желіде газет мақаласының қиындысының суреті тарап кеткен болатын. Онда енді бүкіл қазақстандықтардың фамилиясына «Нұр» деген тіркес қосылатындығы жазылған.
Кейінірек хабарламаның әзіл екені белгілі болды. Өйткені газеттің жаңа нөмірі 1-сәуірден бұрын шыққан, ал хабарлама «Первоапрельский Щучинск» айдарымен жарияланған. Десе де желілерде газет қиындысының суреті жарияланғанымен онда хабарламаның әзіл екенін көрсетілмеген.

Автор:
Elitar.kz