Шымкентте бүгін бір бағыттағы әлеуметтік автобус жолаушыларды тегін тасымалдауда

08 ақпан, 16:00

Бұл туралы ақпаратты инстаграмдағы "Добряки Шымкент" паблигі таратты.

"141 бағыттағы автобус бүгін тегін жүреді. Аялдамаларда тегін тамақ беріледі. Жарайсың біздің халқымыз", деп жазылған желідегі хабарламада.
Міне, солай. Бүгін біреу үшін қарапайым жұма, ал біреу үшін қасиетті жұма.