05 ақпан, 13:00
Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы қатты суыққа байланысты ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ОКҚ-да ресми мәлімдеме жасады.
"Республикалық, облыс аралық жолдарда жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен жүк көліктерінің қозғалысын жабу шаралары қолға алынады", - деп ескертті ішкі істер министрінің орынбасары.
Ол қазіргі таңда "Қазгидромет" бөлімшелері арқылы тұрғындарға төтенше жағдай туралы ескертілгеніне азаматтардың назарын аударды.
"Суық циклон келе жатқанын тағы да ескертеміз. Соның салдарынан температура күрт төмендеп, бұрқасын болады", - деп қосты Юрий Ильин. Ол суық кезде жылыту құралдары мен пештерді қараусыз қалдыруға болмайтынын баса айтты. Юрий Ильин, әсіресе, төменгі сынып оқушыларында каникул басталатынын, осыған орай балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.
Назар аударыңыздар! Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда арктикалық ауа ағымдары тарап, елдің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35-45 градус аяз болатынын ескертеді. Суық ауа райы оңтүстікке де жетіп, сынап бағанасы 22-30 градусқа төмендеуі мүмкін.
Автор:
Elitar.kz