​Ұлтараздық алауыздықты қоздыруға қатысты тергеу басталды

06 қаңтар, 09:49

Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз релизінде айтылған. Мәтінін өзгертпей ұсынып отырмыз:

«Қарағанды қаласындағы «Древний Рим» мейрамханасы аумағындағы жаппай төбелеске қатысты қылмыстық істі тергеу аясында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша жеті күдікті ұсталды, олардың бесеуі қамауға алынды. Бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жасау нәтижесін біржақты бекінген тұлғалардың бұған дейін облыс прокуратурасының мұндай әрекеттің құқықтық жауапкершілігі жайлы ескерткеніне қарамастан болған оқиғаны бұрмалаған фактілері анықталуда.

Нақты айтқанда «В контакте» әлеуметтік желісінде жоғарыда айтылған тартысқа байланысты белгілі бір ұлт өкілдеріне қатысты зорлық әрекеттерге шақырған пікір анықталды.
Бұл факті бойынша 2019 жылдың 5 қаңтары күні Қарағанды облыстық полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, туыстық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қарағанды облысық прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай посттарды жариялауға болмайтыны туралы тағы да ескертіп, азаматтарды арандатуға ермеуге шақырады».
Қарағанды облыстық прокуратасының баспасөз қызметі