​Шекарадан заңсыз өткендер ауруханадан бір-ақ шықты

22 қаңтар, 16:29

Өзбекстандық бес азаматтың Қазақстанға келуді қалағандары соншалық, оларды ауыр жарақат алу қаупі де тоқтата алмады. Нәтижесінде келімсектерді қазақстандық шекарашылар құтқарып қалды, деп жазады Elitar.kz.

Шекара тәртібін бұзушылардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Қазақстанның шекара қызметінің өкілдері.

«Ұсталғандар тікелей Дария елдімекеніндегі аудандық ауруханаға жеткізілген. Бірінің денесі қатты салқындап, аяқтары 3-4 дәрежелі үсікке шалынған. Ол қарқынды емдеу бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр», - делінген хабарламада.
Тағы екі келімсекке қатты салқындап, аяқтары 2-3 дәрежеде үсіген деген диагноз қойылып отыр. Жағдайлары орташа ауыр. Қалған екі азаматтың аяқтарын 1 дәрежеде үсік шалған. Оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.
Шекара тәртібін бұзушылар қазіргі таңда ауруханада күзетпен жатыр.