​Қазақстан халқы 1,3 пайызға өсті

16 қаңтар, 08:45

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Өткен жылдың 1 желтоқсанында жағдай бойынша ел халқының саны 18 млн 376,2 мыңды құраған. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда қазақстандықтар санының 1,3 пайызға артқанын көрсетеді.

Ел тұрғындарының 57,8 пайызы, яғни, 10 млн 626,2 мыңы қалалықтар болса, 42,2 пайызы ауыл-аймақта тұрады. Бұл халық санының 7 млн 750 мыңы деген сөз.